Арнайы білім беру ұйымдарының «Үздік педагог» республикалық байқауының қорытындысы
2023 жылғы 03 қазанда арнайы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері арасында өткізілген «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» республикалық педагогикалық шеберлік байқауының финалдық кезеңінің қорытындысы шығарылды.
Аталған байқауға қатысқан Алматы қаласы Білім басқармасының арнайы білім беру ұйымдарының 6 педагог қызметкерлерінің 4-і үш номинация бойынша жүлделі орындарды иеленді:
«Арнайы мектептің үздік тәрбиешісі» номинациясы
І дәрежелі диплом - Жунусова Алия Багитовна, № 1 арнайы мектебінің тәрбиешісі
«Арнайы балабақшаның үздік педагогі (тәрбиешісі)» номинациясы
І дәрежелі диплом - Кашаганова Инкар Толеуовна, №143 арнайы бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
«Арнайы балабақша тәрбиеленушілерін психологиялық-педагогикалық қолдаудың үздік педагогы» номинациясы
І дәрежелі диплом - Жаңабай Айжамал Нұржанқызы, № 26 арнайы бөбекжай-балабақшасының логопеді
ІІІ дәрежелі диплом - Абдраимова Балнур Рахимовна, № 137 арнайы бөбекжай-балабақшасының сурдопедагогы
Байқаудың барлық жеңімпаздарын лайықты жеңісімен құттықтаймыз!
Бағындырар белестеріңіз көп болсын!