Балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
Алматы қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру Қағидасының (одан әрі - Қағида) 70 тармағына сәйкес 2026 жылы Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жұмысты жалғастыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған ұйымдар (одан әрі - Ұйымдар) 2026 жылдың 23-27 қараша аралығында жаңартылған құжаттарын Білім басқармасының кеңсесіне ұсына алатынын хабарлайды (фронт офис, 109 бөлме).
Ұйымдардың құжаттары және жұмыс істейтін үй-жайлары жоғарыда аталған Қағиданың талаптырына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 154-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР 76-ДСМ бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына», Төтенше жағдайлар министрлігінің 21.02.2022 жылғы № 55 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігі қағидаларына», Қазақстан Республикасының «Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа» толық сәйкес келуі қажет.
159