
Бөлімнің негізгі міндеттері - техникалық және кәсіптік білім алуды қамтамасыз ету; еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті жұмысшылар мен орта буын мамандарын даярлау; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына және білім беру бағдарламаларына сәйкес Алматы қаласының ТжКБ ұйымдарында ҚР азаматтарының техникалық және кәсіптік білім алуын қамтамасыз етуді бақылау болып табылады.
Бөлім ТжКБ мемлекеттік ұйымдары оқытушыларының біліктілікті арттыру курстарынан өтуін ұйымдастырады (тізімдерді дайындау, сабаққа қатысу және үлгерім мониторингі); техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; өңірлік кәсіпкерлер палатасымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді; техникалық және кәсіптік білім беру саласында талдау жұмыстарын жүргізеді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сонымен қатар азаматтардың жеке мәселелері бойынша шағымдары, өтініштерін қарайды, азаматтарды қабылдайды;