Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы жоғары оқу орындары өкілдерімен жастар арасында діни экстремизм мен терроризмның алдын алу мәселелері бойынша онлайн кездесу өткізді

Ағымдағы жылғы 11 ақпанда Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) басшысы Н. Қиқымовтың төрағалығымен жоғары оқу орындары ректорларының, проректорларының және тәрбие ісі жөніндегі департамент директорларының қатысуымен жастар арасында діни экстремизм мен терроризмның алдын алу мәселелері бойынша онлайн кездесу өткізілді.
Іс-шара барысында Н. Қиқымов басқарманың студенттік ортада деструктивті діни ағымдардың таралуының алдын алуға ерекше назар аударатынын және жоғары оқу орындарының жастар арасында патриоттық сана сезімді қалыптастыруға, ұлттық және зайырлы құндылықтарды дәріптеудегі рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде ЖОО басшылығы Басқармаға студент жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін алғыстарын білдіріп, ұсыныстарымен бөлісті.
Кездесу соңында тараптар Басқарма мен қаланың жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша сұрақтарды талқылады.