Ағымдағы жылдың 17 тамызында Алматы қаласы Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының жұмысы аясында әр түрлі конфессиялардың діндар азаматтары арасында үстел теннисінен турнир өтті.
Ағымдағы жылдың 17 тамызында Алматы қаласы Діни бірлестіктер көшбасшылары клубының жұмысы аясында әр түрлі конфессиялардың діндар азаматтары арасында үстел теннисінен турнир өтті.
Бұл дәстүр Алматы қаласындағы түрлі конфессиялар өкілдерінің қарым-қатынасы, конфессияаралық және қоғамдық келісімді нығайту үшін бірыңғай әлеуметтік-мәдени кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік беруге бағытталған.
Турнирге қаланың 9 түрлі конфессиясының өкілдері қатысып, жүлделі орындарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен елуіншілер конфессияларының өкілдері иеленді.
Турнирдің барлық жүлдегерлері ақшалай сыйақымен марапатталды.