«Центром консультации и реабилитации» организован мастер класс «по выпечке торта»

«Центром консультации и реабилитации»  организован мастер класс «по выпечке торта»

Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының жанындағы «Кеңес беру және оңалту орталығының» ұйымдастыруымен, қаладағы «Жусан» операциясы аясында елге қайтарылған және Орталыққа көмекке жүгінген азаматшалардың қатысуымен «торт пісіруден» арнайы шеберлік сағаты өткізілді. Аталған  шараға жалпы саны он тоғыз әйел қатысты.

Шеберлік сағатын аспаздық саласында жеке кәсібі бар және бұл жұмыстың қыр-сырын меңгерген маман Курманбаева Индира өткізді.

Аталған шараны өткізудегі басты мақсат үй шаруасындағы нәзік жандылар үшін, қосымша табыс табудың көзі ретінде өз кәсіптерін ашуға көмек беру болып табылады.

Қатысушылар бүгінгі күнде үлкен сұранысқа ие бірқатар торт түрлерін шебердің айтуымен өз қолдарымен пісіріп, меңгерді. Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Оқиға күні

21 қыркүйек 2020

Өткізу орны

город Алматы

Оқиға түрі

Семинар

Кіру

Бесплатно