Коммуналдық меншікті басқару
Құжаттар
Барлық құжаттарПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 17 ақпан 2023Ақпарат2022 жылдың жұмыстар бойынша есеп
- 07 қыркүйек 2020МақалаларКоммуналдық меншікті басқару
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0110 қыркүйек 2020Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы.
0110 қыркүйек 2020Сәлемдесу сөзі
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруКоммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Жекешелендіру объектісі Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі Комиссияның қарауына коммуналдық меншік объектісін сату мәселесі шығарылады.
Тиісті шешім қабылданғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы шығарылады, жекешелендірілетін объектіге бағалау жүргізіледі, мемлекеттік мүліктің e-qazyna.kz. веб-порталында сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жарияланады, содан кейін сауда-саттық өткізіліп, қорытындылар шығарылады. Сауда-саттық жеңімпазымен шарт жасалғаннан кейін және Объект сатып алушыға қабылдау-тапсыру актісі бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 189-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға өтінім конкурстық құжаттамада көрсетілген оны ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға келісімін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 7-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге сәйкестігін растайтын ол туралы мәліметтерді алуға келісімін білдіреді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе болып табылатын мемлекеттік сатып алудың веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулар, олардың қатысушылары, жасалған шарттар туралы ақпарат және мемлекеттік сатып алу саласындағы өзге де мәліметтер Порталда ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық мүдделі тұлғалардың танысуына қолжетімді.