«Бостандық- Адалдық алаңы» жобасы
Проект "Бостандық- Адалдық алаңы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында азаматтардың өтінішерін шұғыл және тиімді қарауға бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының маңыздылығын атап өткен болатын.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Бостандық- Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппаратында «Ashyq akimdik» фронт-кеңсе өз жұмысын бастады.
«Ashyq akimdik» жобасының мақсаты: мемлекеттік органдардың азаматтар үшін қолжетімділігін арттыру, кедергісіз орта қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне, қоғамда парасаттылықты қалыптастыруға, әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешуге ерекше назар аудару болып табылады.
«АЛМАТЫ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ»
ЖОБАСЫНЫҢ ЖАРҒЫСЫ
1 Тарау. Жобаның міндеті мен негіздемесі
- Жобаны іске асырудың негізгі бастамасы 2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы болып табылады.
- «Алматы – адалдық алаңы» (бұдан әрі - Жоба) Жобасының міндеті Алматы қаласында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру болып табылады.
2 Тарау. Жобаны орындау барысындағы бағыттар мен салалар
- Жоба сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша келесі салаларда жүзеге асырылады:
- Тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау;
- Қоғамдық бақылауды іске асыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
- Жоғарыда айтылған салалар бойынша келесі бағыттар бөлінеді:
- Тұрмыстық жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау
- білім;
- денсаулық сақтау;
- халықты әлеуметтік қолдау;
- сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары;
- мемлекеттік кірістер органдары;
- сот және құқық қорғау органдары;
- бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі.
- Қоғамдық бақылауды іске асыру
- қоғамдық бақылау картасы;
- интерактивті қоғамдық бақылау картасы;
- мемлекеттік сатып алуды талдау.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім;
2) ақпараттық жұмыс.
3 Тарау. Жобаны іске асыру мерзімі
- Жобаны іске асыру мерзімі: 2019 жылдың 1 қаңтары – 31 желтоқсаны аралығы.
- Жоба Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы мен Алматы қаласы әкімінің бірлескен шешімімен ұзартылуы мүмкін.
Жобаны ұзарту немесе оны тоқтату 2019 жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей шешілуі тиіс.
4 Тарау. Жобаның кадрмен қамтамасыз етілуі
- Жоба жобалық кеңсемен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті) басшысы Таумұрат Данияр Таумұратұлы Жоба кураторы болып табылады.
Жобаның со-кураторы болып Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Арман Оразбаевич табылады.
- Жоба (жобалық кеңсе) басшысының лауазымына «Рухани жаңғыру» ЖШС (бұдан әрі - Ұйым) қызметкерлерінің арасынан куратордың келісімі бойынша Алматы қаласының әкіміммен тағайындалады.
Жоба басшысына Жоба жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру жүктеледі.
- Жоба басшысы Ұйым қызметкерлерінің ішінен кемінде 5 адамнан тұратын жобалық кеңсенің кадрлық құрамын қалыптастырады.
- Жоба басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы базасында міндетті түрде оқудан өтеді, Жобалық кеңсе қызметшілері Қарағанды облысы филиалының базасында міндетті оқудан өтеді.
5 Тарау. Жоба жұмысының қаржыландырылуы.
- Жобалық кеңсе Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында орналасады.
- Жоба жұмысын, транспорттық шығындарды төлеу, кеңсе тауарлары мен техникалары және басқа да материалды шығындарды қаржыландыру Алматы қаласының жергілікті бюджеті есебінен жүзеге асырылады.
- Жоба басшысы және жобалық кеңсенің қызметкерлерінің жалақысы Ұйым қаражатынан төленеді.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен қарастырылған барлық әлеуметтік кепілдіктер сақталады.
- Іс-сапар шығындары ақшалай қаражат Ұйымның бюджетінде қарастырылады.
- Көрсетілген салалар мен бағыттар бойынша Жоба жұмысын қосымша қаржыландыру Алматы қаласының ішкі саясат басқармасы және Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаларымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында, сонымен қатар жүзеге асып жатқан «Азаматтық бақылау» әлеуметтік тапсырысы аясында қарастырылады.
6 Тарау. Жоба қызметін басқару
- Жобаның жоғарыда аталған салалары мен бағыттары бойынша жұмысты нақты міндеттер мен орындау мерзімдері көрсетілген әрекет жоспарының негізінде тиісті жобалық топ қамтамасыз етеді.
- Жобалық топтардың құрамын жоба кураторының және со-куратордың келісімі бойынша жауапты лауазымды тұлғалар мен жергілікті мемлекеттік органдар мен Алматы қаласының ұйымдары, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар қатарынан жобалық кеңсенің басшысы анықтайды. Жобалық топтардың құрамы орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің (келісім бойынша) және Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдарының жауапты және лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың қатарынан қала әкімімен келісіліп, Жоба со-кураторымен анықталады.
- Жобалық топтардың әрекет жоспарлары Жоба со-кураторының келісімімен куратордың өзімен бекітіледі.
- Жобалық топтар қызметінің үйлестірілуі мен сүйемелденуі жобалық кеңсенің басшысымен және оның қызметшілерімен іске асырылады.
- Жобалық кеңсенің жанында жұртшылық, бизнес-қауымдастық және БАҚ өкілдерінің қатарынан Сарапшылық кеңес құрылады.
- Жобалық кеңсенің ұсыныстары Алматы қаласының әкімімен бес жұмыс күні ішінде қарастырылуы міндетті болып табылады.
- Жобалық кеңсе қызметінің мәселелері апта сайынғы негізде әкімдіктің аппараттық жиналыстарында қарастырылады.
- Ай сайынғы бірлескен жиналыстарда жобалық кеңсе басшысының есептік ақпараты тыңдалады.
- Тұрақты негізде Жобаның күнделігі жүргізіледі.
- Жоба басшысы Жобаның қызметі бойынша есептік ақпаратты апта сайынғы негізде Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментіне ұсынады.
- Жоба кураторы жобалық кеңсе қызметінің нәтижелері бойынша талдамалық есептік ақпаратты есептік кезең айынан кейін 5 күннен кешіктірмей ай сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ұсынады.
- БАҚ, интернет-ресурстар және әлеуметтік желілер арқылы Жоба қызметінің ақпараттық сүйемелденуі тұрақты негізде қамтамасыз етіледі.
7 Тарау. Жобаның жүзеге асырылуының тиімділігін бағалау және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
- Жобаның жүзеге асырылуының тиімділігінің бағалауы аймақтар кесімінде жемқорлық жай-күйі туралы қоғамдық пікірді сипаттайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті анықтау бойынша әлеуметтік зерттеу нәтижелеріне негізделеді (001 бюджеттік бағдарлама «Мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру»).
- Жобаның тиімді жүзеге асырылуы бойынша жауапкершілік кураторға және со-кураторға жүктеледі.
- Заңнама нормаларының бұзушылығын жасаған немесе Жобалық кеңсе қызметі аясында өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған Жоба басшысының және қызметшісінің жауаптылығы тағайындауға немесе жұмыстан босатуға құқылы лауазымды тұлғамен Жоба кураторының ұсынысымен қарастырылады.