Белсенді ұзақ өмір сүру жобасы

«Зейнеткерлердің белсенді ұзақ өмір сүруі» - бұл егде жастағы зейнеткерлерге белсенді өмір салтын ұстануға, дене шынықтырумен және спортпен айналысуға мүмкіндік беретін жағдайларды ұйымдастырып, жасауға бағытталған тегін әлеуметтік жоба. Бұдан басқа, жоба жеке кәсіпкерлік және әлеуметтік серіктестіктің дене шынықтыру-спорттық объектілері желісіне қолдау көрсету және дамытуға бағытталған.

Жобаның мақсаты: Белсенді өмірлік ұстанымы бар егде жастағы зейнеткерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды қоғамда әлеуметтендіру және біріктіру. Зейнеткерлерді қолдау аясында мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара әрекеттесуінің инновациялық әдістерін қалыптастыру.

Қазіргі таңда Бостандық ауданында «Белсенді ұзақ өмір сұру» орталығында әртүрлі қызмет түрлерін ұсынады: гериантра-дәрігерінің консультациясы, психологиялық тренингтер, физиотерапиялық жаттығулар (Айкуне), йога, скандинавиялық серуендеу, ағылшын, қазақ, латын тілдерінде оқыту курстары, компьютерлік сауаттылық, сурет, шахмат, вокал және т.б. .д. Қазіргі уақытта орталыққа 400-ден астам зейнеткер келеді.

Бостандық ауданы бойынша  41 115 қарт зейнеткер тұрады. Оның ішінде 36 Ұлы Отан соғысының ардагері, 2654 еңбек майданының қатысушысы, 12 - Ленинград блокадасы, 5 - фашизм тұтқыны, 9 - Чернобыль қатысушылары.