Халық саны – 352 963 адам. Тұрғындардың басым көпшілігі жергілікті халық (қазақтар) – 53,9%, келесі ұлттардың ішінде көбісі орыстар – 30,9%, басқа ұлт өкілдерінің саны – 15,2% құрайды.
Салық
01.10.2020 жылға Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісіне 65% орындауда 306,0 млрд. тенге түсті, оның ішінде республикалық – 178,4 млрд.тг 55% орындалуда, жергілікті - 127,5 млрд. тенге 89% орындалуда.
Бюджет
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты бойынша жылдық қаржыландыру 11 221 523,0 мың тенге құрайды, ағымдағы жылдың 6 айында жоспар 7 601 310,4 мың. тенге құрады. 6 ай ішінде бюджеттік қаражат 7 576 920,4 мың. тенгеде орындалды. Ауытқу-24 389,9 мың.тенге(смета бойынша үнемдеу). 9 ай бойынша бюджет қаражатын игеру 99,7% құрады.
Өнеркәсіп
2020 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнім өндіру көлемі 61,2 млрд. тенге ИФО-102,5%. (ұқсас кезең 2019 ж. – 37,7 млрд. тг.).
Өнеркәсіптік потенциал аудан ұсынылған компаниялар: АО «Алатау жарық компаниясы», ТОО «Беккер и К», ТОО «Конкрит Продактс», ГКП «Алматы Су», ТОО «Pure Pack».
Қалалық көлемдегі ауданның өнеркәсіп өндірісінің үлесі 9,3 % құрайды.
Инвестиция
Негізгі инвестициялар капиталы 2020 жылдың 6 айында 144,3 млрд. тенге құрайды. (ұқсас кезең 2019 ж.- 131,0 млрд.тг) немесе өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 108,9 %, қала бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар үлесі 23,7 %. құрайды. (Алматы қаласы – 352,5 млрд.тг.).
Кәсіпкерлік
2020 жылдың 9 айдағы бөлшек тауар айналымының көлемі- 299,4 млрд.тг, өткен жылдың тиісті кезеңіне 85,7%.(ұқсас кезең 2019ж. – 326,7 млрд.тг.).
Көтерме сауда тауар айналымы 1 826,1 млрд.тг құрады. (ұқсас кезең 2019ж. – 1 456,5 млрд.тг)
Ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны-29 803, солардың ішінде 18 703 белсенді жұмыс жасайды.
2020 жылдың 6 айында ашылған жаңа жұмыс орындары (жоспар - 4000)
2020 жылдың 9 айында 3 665 жұмыс орны ашылды. Жылдық жоспар 91,6%. (2019 жылғы сәйкес кезеңде 2341 жұмыс орны болды).
Транспорт
2020 жылдың 1 жарты жылдығында қала бойынша көлік тасымалдау ұйымдары 2 114,8 мың адам тасымалдаған.
Ауданда №31, №67, №81 деген 3 маршрутқа қызмет ететін ірі «№ 2-ші Автопарк» жұмыс жасайды.
№2 автопарк 100%-ға жаңартылған.
Ауданда 3 метрополитен станциясы орналасқан: станция «Алатау» станциясы, «Байконур» станциясы, «Әуезов атындағы драмтеатр» станциясы, «Сайран» станциясы.
Жолаушылар тасымалының деңгейі барлық метро станцияларында: жұмыс күндерінде – 45 мың адам, сенбі күні – 25-30 мың адам, жексенбі күні – күніне 10 мыңнан бастап 15 мыңға дейін болады.
Инфляцялық процесстерді талдау
Инфляциялық процесстер мен ауылшаруашылық тауар өнімдерін сақтап қалу мақсатымен Алматы облысындағы Іле ауданы мен Қарасай ауданындағы ауылшаруашылығымен біріге отырып ауылшаруашылық ярмаркасы өтті.
2020 жылдың 6 айында 22 ярмарка өткен болатын. Оның ішінде тауаралмасу 323,6 млн. теңгені құрады. Осылайша орта есеппен 260 мың адамды қамтыды.
Ауданда АО « Ұлттық компания « «Алматы» әлеуметтік-іскерлік корпорациясы (ТОО «Алматы Азық») компаниясының 9 әлеуметтік павильонын орналастырды.
Ірі саудаүйлер мен орташа азық-түліктегі әлеуметтік маңызды тауарларға бағалардың өсуіне жол бермеу үшін 253 меморандумға қол қойылып, сол жөнінде жұмыс жалғасуда.
2020 жылдың басынан аудан әкімдігінің аппаратынан кәсіпорындар мен өнеркәсіпті дамытуға арналған мамандар, Бостандық ауданының полиция департаментінің мамандарымен біріге ҚР КоАП 204-бабы бойынша тиым салынған мекенде сауда сатылып жатқандығы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жергілікті атқарушы органның анықтауы бойынша 369 хаттама, оның ішінде 326 ескертулер мен 43 айыппұл, жалпы сомасы 811 452,5 теңге шықты.
Жылдың басынан көше қиылыстарындағы сауданы жою үшін 101 рейд жасалды: Тимирязева көшесі – Гагарин даңғылы, Тимирязева көшесі – Әуезов көшесі; Жандосова көшесі – Айманова көшесі; Мустафина көшесі мен Биржан көшесінің қиылысы, Розыбакиева көшесі мен Сатбаева көшесінің қиылысы.