Бостандық ауданы әкімінің аппараты бағыты бойынша 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптар тізбесі

Бостандық ауданы әкімінің аппараты бағыты бойынша
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптар

ТІЗБЕСІ

№

Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбы

Жоспарланған қаржыландыру көлемі
(мың теңге)

Қысқаша ақпарат

1.

Бостандық ауданының

«Тең қоғам»

мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік қолдау орталығы

24 500,0

Әлеуметтік жоба мүгедектігі бар адамдарға кешенді сипаттағы қызметтер көрсетуге бағытталған. Жобаның мақсаты — психологиялық және құқықтық қолдау көрсету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, жұмыс іздеу, жұмыспен қамтылу және жұмыс орнын сақтап қалу салаларындағы әлеуетті арттыру, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға үйрету арқылы олардың қоғамға тиімді бейімделуін қамтамасыз ету.

 

2.

«Отбасын қолдау» орталығы
(Алматы қаласы Бостандық ауданының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік орталығы — «Бақытты отбасы»)

32 600,0

Мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында ауыр өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қызметтер көрсету және жан-жақты қолдау көрсету. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру оларды консультациялық, оқыту, ақпараттық және әдістемелік қызметтердің кешенімен қамтамасыз ету, азаматтардың экономикалық дербестігін және дағдарыстық жағдайдан шығуға бағытталған жеке уәждемесін нығайту арқылы жүзеге асырылады.

 

3.

«Шыңға өрлеу»
(Алматы қаласы Бостандық ауданының бастауыш сынып оқушыларына арналған әлеуметтік клуб)

36 400,0

Қарттар буынын қоғам өміріне тарту арқылы олардың өмірлік тәжірибесін, білімін және дағдыларын Алматы қаласының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан бастауыш сынып оқушыларына үйлесімді түрде жеткізу. Кәсіби педагогтардың, соның ішінде зейнеткерлікке шыққан тәжірибелі ұстаздардың үй тапсырмасын орындаудағы көмегі. Әлеуметтік клуб базасында кіші сынып оқушыларына қолдау көрсету, оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға ынталандыру, балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту жүзеге асырылады.

4.

«Белсенді ұзақ өмір орталығы»
Бостандық ауданының қарттарға арналған қызмет алушыларға әлеуметтік қызмет көрсететін үкіметтік емес сектор субъектілері арқылы.

180 000,0

Қарттар буынын әлеуметтік бейімдеу. Қарттардың белсенді өмір салтын қолдау — өздігінен қызмет көрсете алатын және белсенді қозғалуға қабілеті бар адамдар үшін білім беру, психологиялық, сауықтыру, спорттық және демалыс іс-шараларының кешенін өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Кешенді медициналық және әлеуметтік көмек көрсету — қарттардың денсаулығын белсенді ұстай білу дағдыларын қалыптастыруға, үйретуге, көрсетуге бағытталған. Бұл шаралар қарттарды интеллектуалдық, шығармашылық, қоғамдық өмірге тартуға және әлеуметтік әсер етуге ықпал етеді.

Жалпы әл-ауқатты және әлеуметтік қанағаттануды арттыру, өмір сүру сапасын жақсарту — бұл адамның физикалық денсаулығы, психологиялық күйі, тәуелсіздік деңгейі, әлеуметтік қарым-қатынасы және жеке сенімдерімен байланысты мәдениет пен құндылық жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі.

 

Жарияланған күні

26 қаңтар 2026 16:18

Жаңарту күні

26 қаңтар 2026