Психологтардың мемлекеттік тізілімі

Қазақстанда психологтардың мемлекеттік тізілімін (реестрін) құру жоспарлануда. Оған біліктілігін ескеру және кәсіби қызметке құқығын растау үшін сертификаттаудан өткен мамандар енгізіледі.
Тізілім сонымен қатар азаматтар мен ұйымдарға психологтың қолданыстағы сертификатының бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Тізілімді жүргізу қағидалары 15 қыркүйекке дейін көпшіліктің талқылауына шығарылды.