Жалпы ақпарат

Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы
Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы
Басқарма
Басқарма жұмысының негізгі бағыттары:
- Қорғаншылық пен қамқоршылық: Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыларына орналастыру (асырап алу, қорғаншылық, патронат, қабылдаушы отбасы) және олардың тұрмыс жағдайына жарты жылда кемінде бір рет мониторинг жүргізу.
- Ерте анықтау және кешенді көмек: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, буллингке немесе суицидтік мінез-құлыққа тап болған балаларды ерте анықтап, «кейс-менеджмент» жүйесі арқылы әр балаға жеке педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу көрсету.
- Үйлестіру жұмыстары:Психологиялық қолдау орталықтарының жұмысын басқару.
- Қауіпсіздік пен алдын алу:Мектептердегі қауіпсіздік талаптарын (бейнебақылау, турникеттер, антитеррорлық қорғаныс) және балалардың жазғы демалысын бақылау.