Әуезов ауданының «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы

Әуезов ауданының «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы

Әуезов ауданының «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы туралы

    Әуезов ауданындағы «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы жергілікті бюджет есебінен 19 миллион 800 мың теңге көлемінде қаржыландырылып жүзеге асырылуда. Орталықтың негізгі мақсаты – мүгедектігі бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету, олардың өмір сапасын арттыру, қоғамға бейімделуіне және белсенді өмір сүруіне жағдай жасау.

   Жоба аясында азаматтардың әлеуетін ашуға, өзіне деген сенімділігін нығайтуға, қажетті білім мен дағдыларды меңгеруіне, дербес өмір сүруіне көмек көрсетіледі.

Орталық кімдерге арналған

   Орталық қызметтері Алматы қаласының Әуезов ауданында тұратын мүгедектігі бар азаматтарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне арналған.

Негізгі қызмет бағыттары

   Орталық келесі бағыттар бойынша кешенді қызмет көрсетеді:

  • психологиялық қолдау және кеңес беру;
  • заңгерлік кеңес беру және құқықтық сауаттылықты арттыру;
  • жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
  • өз бетінше өмір сүру дағдыларына үйрету;
  • тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларды дамыту;
  • өзін-өзі бағалауды арттыру, теріс көзқарастарды жеңуге көмектесу;
  • қорқыныш пен сенімсіздікті еңсеруге қолдау көрсету;
  • өмірді жоспарлау және шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

Оқыту және дамыту курстары

   Орталықта қызмет алушылар үшін тегін курстар мен сабақтар ұйымдастырылады:

  • қазақ тілі;
  • ағылшын тілі;
  • ымдау тілі;
  • «Заманауи адам дағдылары» курсы;
  • заңгер кеңесі;
  • психолог кеңесі;
  • түрлі тренингтер мен шеберлік сабақтары.

Қалай қатысуға болады

   Орталық қызметтерін алу үшін «Ten Qogam» Әуезов ауданы мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығына тікелей жүгінуге немесе байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады. Мамандар көрсетілетін қызметтер, сабақ кестесі және тіркелу тәртібі бойынша толық ақпарат береді.

  «Ten Qogam» жобасы – тең мүмкіндіктер, қолдау және жарқын болашақ алаңы.

 

Мекенжайы: Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Тастақ-1 ықшамауданы, 3

Instagram: @auezovtenqogam

E-mail: auezov.tenqogam@mail.ru

Байланыс телефоны: +7 778 312

0