«Бақытты отбасы» орталығы
«Бақытты отбасы» орталығы
Әлеуметтік орталық және Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасы көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы әйелдерді қолдау үшін арнайы құрылған.
Біздің міндетіміз – әйелдердің жеке өз кәсібін ұйымдастыруы үшін қажетті құзыреттіліктері мен білімін қалыптастыру.
Біздің мақсатымыз –әйелдердің кәсіби түрде оқуына ықпал ету, жеке өз бизнесін ұйымдастыруға қажетті білім мен машықты қалыптастыру, кәсіп ашу және жүргізу машықтарына дағдыландыру, сонымен қатар жұмысқа тұруға көмектесу. Көп балалы және аз қамтылған аналардың өмір жағдайын жақсартуға жәрдемдесу.
Бағдарлама пішімі – әйелдерге сұраныстағы мамандықтар мен кәсіптерді, кәсіпкерлік негіздерін, шағын бизнесті тиімді басқаруды тегін оқыту, жұмысқа орналастыру.