Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына арналған Қазақстанның халық әртісі Болат Әбділмановпен әдеби-танымдық кездесу

Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына арналған Қазақстанның халық әртісі Болат Әбділмановпен әдеби-танымдық кездесу
Әуезов ауданы комьюнити орталығының ұйымдастыруымен және Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен 3 тамыз күні Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына арналған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері, театр және кино өнерінің көрнекті өкілі Болат Мәзімбайұлы Әбділмановпен әдеби-танымдық кездесу өтеді.
Әдеби-танымдық кездесудің мақсаты – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармашылығы мен рухани мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту және қатысушылар мен спикер арасында еркін пікір алмасу алаңын қалыптастыру.
Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына арналған әдеби-танымдық кездесу ағымдағы жылдың 3-тамыз күні, сағат 14:00-де Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінде өтеді.
Жоғарыда аталған іс-шара аясында әдеби-танымдық кездесудің барлық қатысушылары мен қонақтары үшін мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылады. Кездесу барысында Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы, өмір жолы, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі туралы тағылымды әңгімелер айтылып, Қазақстанның халық әртісі Болат Әбділмановпен сұхбат және пікір алмасу өткізіледі.
Өтетін күні: 3 тамыз 2026 жыл.
Өткізу уақыты: 14:00.
Өтетін орны: Әуезов ауданы, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті., Жандосов көшесі, 59
Ұйымдастырушылар: Әуезов ауданы комьюнити орталығы, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен.
Қосымша ақпарат алу үшін: 8 747 347 3931 – Айша.