Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының прокуратурасы 500-ден астам жалған хабарландыруды бұғаттады

Алматы облысының прокуратурасы 500-ден астам жалған хабарландыруды бұғаттады
 
Жазғы демалыс маусымы мен мектеп демалысы қарсаңында тәуліктік тұрғын үйді жалға беру туралы жалған хабарландыруларды орналастыруға байланысты интернет-алаяқтық фактілері көбейіп келеді.

Алаяқтар пәтерлер мен үйлердің тартымды фотосуреттерін пайдаланып, төмен бағамен хабарландырулар жариялайды. Кейін әртүрлі сылтаулармен алдын ала төлем немесе кепілақы аударуды талап етеді. Ақша қаражатын алғаннан кейін байланысқа шықпай қояды немесе көрсетілген тұрғын үйдің мүлдем жоқ екендігі анықталады.

Ағымдағы жылдың 5 айында республика аумағында болмаған қызметтерді көрсетуге байланысты 1700-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 130-ы Алматы облысында жасалған.

Осындай қылмыстардың алдын алу мақсатында Алматы облысының прокуратурасы ірі интернет-платформалармен және цифрлық сервистермен өзара іс-қимылды жүйелі түрде жолға қоюда.

Атап айтқанда, Алматы облысының прокуратурасы мен «OLX Group» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында интернет-алаяқтық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.
 
Бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде тәуліктік тұрғын үйді жалға беру туралы алаң талаптарына сәйкес келмейтін және құқыққа қайшы әрекеттердің белгілері бар 518 хабарландыру анықталып, бұғатталды.

Қазіргі уақытта анықталған барлық хабарландыру авторларына қатысты прокуратураның тапсырмасы бойынша киберполиция қызметкерлері тексеру іс-шараларын жүргізуде.

Жүргізіліп жатқан жұмыс бүгіннің өзінде алаяқтық сипаттағы контентті уақтылы анықтауға, оның таралуын шектеуге және азаматтарды алдаудың ықтимал жағдайларының алдын алуға мүмкіндік беруде.

Алматы облысының прокуратурасы өңір тұрғындары мен қонақтарын интернет арқылы тұрғын үйді брондау кезінде қырағылық танытуға шақырады.

Азаматтардың құқықтарын қорғау және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Алматы облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында және бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.
 
Алматы облысының прокуратурасы сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1246776?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Дата публикации
24 июня 2026
Дата обновления
24 июня 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

25 августа 2026
Вакцинациямен басқарылатын жұқпалы аурулардың алдын алу
Ақпарат
31 июля 2026
КҚГҚ (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы)
Ақпарат
08 июля 2026
2026 жылдың 1 жарты жылдығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы