Лого

Меню

Страницы

Статья

Қонақүйлер мен хостелдерге арналған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Вы сказали:
Қонақүй қызметін көрсететін объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қонақүй қызметін көрсететін объектілер - ол жеке тұлғалардың уақытша тұруына арналған және пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін, көппәтерлі тұрғын үйдегі жеке кіру есігі бар тұрғын емес үй-жай немесе жеке тұрған ғимарат. Аталған нысандар адамның өмір сүру жағдайымен тікелей байланысты болған соң ондағы санитариялық қағидалардың талаптарын сақтау маңыздылығы артатыны белгілі. Атап айтқанда, сумен жабдықтау, суды бұру, жылумен жабдықтау жүйелерімен қамтамасыз ету, желдету, микроклиматтың оңтайлы және рұқсат етілген параметрлерін талаптарға сәйкес қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, кәсіптік және инфекциялық емес аурулардың алдын алу мақсатында «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы ҚР ДСМ 2022 жылғы 26 шiлдедегi № ҚР ДСМ-67 бұйрығына сәйкес келесі талаптар ұсынылған: - қоқыс құбыры бар болған жағдайда, қоқыс құбырының өзегі құрылыс конструкцияларынан ауа өткізбейтін және дыбыс өткізбейтін материалдармен жабдықталып және адамдар тұрақты болатын тұрғын және қызметтік үй-жайлармен жанаспауы қажет; - хостелдер 15 адамға кемінде 1 дәретхана кабинасы және 1 қол жуғыш, 1 себезгі кабинасы есебімен санитариялық тораппен қамтамасыз етілуі қажет; - хостелде асхана, асүй, өз-өзіне қызмет көрсету әдісімен тамақ ішуге және дайындауға арналған бөлмелер жабдықталады, олар жабдықпен, мүкаммалмен, асүй және асхана ыдыстарымен, азық-түлік пен жуу құралдарын сақтауға арналған ыдыстармен жарақталуы қажет; - қонақүйлердің үй-жайлары № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес жарықтандыру нормаларымен қамтамасыз етілуі қажет; - тұрғын бөлмелерде немесе бөлмелерде ауаны баптау қамтамасыз етілуі қажет (қонақүйлердің ғимараттарында ауа баптау жүйесі болмаған кезде сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады); - қонақүйлердің бөлмелері мен ортақ пайдаланылатын орындарында күн сайын ылғалды жинау және желдету жұмыстары жүргізілуі қажет; - кілем бұйымдарының шаңы қағылып, жұмсақ жиһаздар тазартылуы қажет; - ванналар, унитаз отырғыштары мен қақпақтары, биде, су ағызу және дәретхана есіктерінің тұтқалары күн сайын дезинфекциялау ерітіндісімен өңделуі қажет. Сонымен қатар, ҚР ДСМ 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығына сәйкес қонақүй қызметін көрсететін объектілер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын эпидемиялық мәні болмашы объектілер тізіміне кіреді. Осы орайда, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ 17 бабы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 19, 24 баптары, «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ 108 бабының 1 тармағы, 109 бабының 1 тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруды бастау және кейіннен жүзеге асыру үшін жарамды рұқсатының болуы немесе заңда белгіленген тәртіппен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға хабарлама жіберу қажет.
Дата публикации
19 января 2026
Дата обновления
19 января 2026
Тип

Сейчас читают

25 августа 2026
Профилактика инфекционных заболеваний, управляемых вакцинацией
Информация
31 июля 2026
ККГЛ (Конго-Крымская геморрагическая лихорадка)
Информация
08 июля 2026
Оказание государственных услуг в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения за 1полугодие 2026 года

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы