GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Лого
Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар Қолдану
Все материалы
Мәдениет
22 октября 2026
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері «Менің Қазақстаным\!» акциясын бастады

25 қазан – Республика күні қарсаңында Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (QyzPU) студенттері «Менің Қазақстаным!» акциясын бастады. Қатысушылар бірігіп «Атамекен» әнін орындап, эстафетаны Қазақстанның өзге жоғары оқу орындарына жолдады.

Іс-шара «Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» атты зияткерлік-ағартушылық апталық аясында өтті. Бастаманың мақсаты – еліміздің әр өңіріндегі жастарды Республика күнін мерекелеуге тарту.

«Бұл еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, ұлттық рухын дәріптейтін ерекше мереке. Тәуелсіз Қазақстан өркендеп, болашағы жарқын болсын!» – деді университет студенттері.

Эстафетаны жалғастыру ALT University мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттеріне ұсынылды. Олар акцияға қосылып, бастаманы өзге жоғары оқу орындарына жолдай алады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл бастама еліміздің әр қаласындағы студенттердің бір арнаға тоғысып, Республика күнін бірге атап өтуіне жол ашады.

Қоғамдық даму бөлімі
21 октября 2026
Алмалы ауданында мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтеді

Құрметті Алмалы ауданының тұрғындары!

Сіздерді 2026 жылғы 23 қазанда (жұма күні) сағат 11:00-де өтетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз.

Іс-шара аясында аудан тұрғындары мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша кеңес алып, тиісті ұйымдардың өкілдерінен қажетті ақпарат ала алады.

📍 Өтетін орны: Алмалы ауданы, Жібек Жолы даңғылы, «Арбат» жаяу жүргіншілер көшесі.

Сіздерді іс-шарамызда күтеміз!

Қоғамдық даму бөлімі
19 октября 2026
Алмалы ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, онда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен дамуына қауіпсіз жағдай жасау, сондай-ақ әл-ауқатын арттыру мәселелері қаралды.

Отырыс барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға уақтылы көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, балалардың құқықтарын қорғауға, олардың тәрбиесі мен дамуына қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қауіпсіздігі мен әл-ауқатына кері әсер ететін факторлардың алдын алуға бағытталған жауапты органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың жан-жақты дамуына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру және қажетті қолдауды уақтылы көрсету — қоғам мен уәкілетті органдардың маңызды міндеттерінің бірі.

Мәдениет
16 октября 2026
Алматы Азиядағы халықаралық туристік көрмелерде бес бірдей марапатқа ие болды

2026 жылы алғашқы тоғыз айда Алматы Азия елдерінде өткен халықаралық туристік көрмелерде бес мәрте марапатталды. Осы уақыт аралығында қаланың туристік сала өкілдері шетелдік серіктестермен 500-ден астам іскерлік кездесу өткізіп, кемінде 284 келісімге қол жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

Қаңтар мен қыркүйек аралығында Алматының туристік әлеуеті Үндістан, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия және Жапонияда, сондай-ақ Гонконгта ұйымдастырылған жеті халықаралық көрмеде таныстырылды.

Халықаралық іс-шараларда Алматы түрлі аталым бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, Мумбайда қалалық туризмді үздік ілгерілеткені үшін, Гуанчжоуда ең танымал мәдени бағыт ретінде, ал Сеулде көрме стендінің үздік мазмұны үшін марапатталды. Гонконгта Алматы стендінің жұмысы арнайы жүлдеге ие болса, Куала-Лумпурда қаланың мәдени бағдарламасы үздік деп танылды.

Көрмелер аясында Алматының туристік компаниялары шетелдік туроператорлармен, әуе тасымалдаушыларымен, қонақ үй желілерімен және туристік қауымдастықтармен келіссөздер жүргізді. Кездесулер барысында қаланың туристік мүмкіндіктерін халықаралық нарықта ілгерілету, жаңа бағыттар әзірлеу және өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар халықаралық көрмелерде Almaty Tourism Day атты Алматы туризмі күндері ұйымдастырылды. Арнайы іс-шараларда жергілікті компаниялар қызметін шетелдік серіктестерге таныстырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Алматының туристік әлеуетін таныстыру кезінде мәдени, гастрономиялық, оқиғалық және тау туризміне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қала мен оның айналасындағы табиғи көрікті жерлер шетелдік туристік нарық өкілдеріне ұсынылды.

Алматы қаласы Туризм басқармасының мәліметінше, халықаралық көрмелерге қатысу Азия елдерінің туристік индустриясымен іскерлік байланысты нығайтуға, жаңа серіктестер тартуға және Алматыны халықаралық туристік бағыт ретінде кеңінен танытуға мүмкіндік берді.

Спорт
14 октября 2026
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge 2026 халықаралық турнирі аяқталды

Алматыдағы «Халық Арена» мұз айдынында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне арналған мәнерлеп сырғанаудан VIII халықаралық Denis Ten Memorial Challenge 2026 турнирі аяқталды.

Жарысқа 20-дан астам елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысты. Төрт күнге созылған турнирді 10 мыңға жуық көрермен тамашалады. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

Спортшылар ересектер мен жасөспірімдер арасында ерлер және әйелдер арасындағы жеке сырғанаудан, сондай-ақ мұз үстіндегі биден жүлделерді сарапқа салды. Турнир 2026/2027 маусымындағы ISU Challenger Series халықаралық жарыстар сериясы аясында өтті.

Қазақстан өкілі Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жеке сырғанаудан қола медаль иеленді. Ол екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 204,36 ұпай жинады. Бірінші орынды 226,01 ұпаймен Александра Игнатова иеленсе, Оңтүстік Корея өкілі Ким Юджэ 209,20 ұпаймен күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ерлер арасындағы жеке сырғанаудан Владислав Дикиджи 312,79 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орынды 277,23 ұпаймен Глеб Лутфуллин иеленсе, үшінші орынға 261,76 ұпай жинаған Пётр Гуменник тұрақтады.

Мұз үстіндегі биден Финляндия өкілдері Юлия Турккила мен Маттиас Верслуйс 191,32 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде 187,20 ұпай жинаған Василиса Кагановская мен Максим Некрасовқа бұйырды. Ал 180,37 ұпаймен америкалық Кэролайн Грин мен Майкл Парсонс қола медальді місе тұтты.

Жасөспірімдер арасында жеке сырғанаудан Арсений Федотов пен Алиса Зайкина жеңімпаз атанды. Жасөспірімдер арасындағы мұз үстіндегі биден Мария Фефелова мен Артём Валов бірінші орын алды.

Жарыс бағдарламасына халықаралық мәнерлеп сырғанау өкілдерімен баспасөз конференциясы мен кездесу де енгізілді. Оларға Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, әлем чемпионы әрі жаттықтырушы Брайан Орсер, француз мәнерлеп сырғанаушысы Мари-Пьер Лерэ және Еуропа чемпионы Дмитрий Алиев қатысты.

Турнир «Естелігі өшпейтін мұз» («Лёд, который помнит») атты гала-шоумен түйінделді. Мұз айдынына жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, арнайы шақырылған мәнерлеп сырғанаушылар және Денис Тен академиясының тәрбиеленушілері шықты. Бағдарламада әсерлі қойылымдар қойылып, музыкалық қойылым мен әуе акробатикасы ұсынылды, қазақстандық спортшының рухына арналған шығармалар орындалды.

Denis Ten Memorial Challenge турнирі Денис Теннің спорттық мұрасын сақтауға және жас мәнерлеп сырғанаушыларға халықаралық деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік беруге бағытталған. Мұндай жарыстар Алматыда мәнерлеп сырғанаудың дамуына серпін беріп, отандық және шетелдік спортшылар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Турнирді Алматы қаласы әкімдігінің және бас демеуші – Sport Qory спортты қолдау қорының қолдауымен «Денис Тен қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Іс-шараны өткізуге Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ да қолдау көрсетті.

Алмалы аудандық Ардагерлер кеңесі
13 октября 2026
Пошта саласының ардагерлеріне құрмет көрсету

Қарттар айлығы аясында және Дүниежүзілік пошта күнінің 166 жылдығына орай пошта саласының ардагерлерімен жылы кездесу өтті.

Іс-шараны Алматы поштамтының директоры Нұркен Рүстем мен БПҰ төрағасы А. Ісқақ ұйымдастырды. Алмалы ауданының Ардагерлер кеңесі атынан құттықтауларға Кеңес төрағасы Б.М. Қабылов пен төралқа мүшесі Д.Қ. Умаров қосылды.

Жайлы жағдайда еңбегі сіңген қызметкерлерге естелік сыйлықтар табыс етілді. Кездесудің ерекше сәті – сүйікті ісіне жарты ғасыр ғұмырын арнаған 19-бөлімшенің пошташысы Сара Мұқашқызы Қоныспаеваға құрмет көрсету болды. Сара Мұқашқызы – ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және «Құрмет белгісі» орденінің иегері.

Ардагерлерге көп жылғы адал еңбегі, өз мамандығына деген адалдығы және өмірлік даналығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Бас иеміз!

Көріктендіру
12 октября 2026
Биокомбинат гүлзарында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Биокомбинат гүлзарында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына қала тұрғындары, қоғамдық белсенділер, жастар және коммуналдық қызмет өкілдері қатысып, аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарына атсалысты.

Қатысушылар бірлесе жұмыс істеп, гүлзар аумағын абаттандыруға және оның тазалығын сақтауға үлес қосты. Шараның басты мақсаты — қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Сенбілік қорытындысы бойынша:

  • 150-ден астам адам тазалық жұмыстарына қатысты;
  • 12 бірлік арнайы техника жұмылдырылды;
  • 40 текше метр қоқыс шығарылды.

Ұйымдастырушылар сенбілікке қатысып, туған қаланың тазалығына үлес қосқан барша азаматқа алғыс білдіреді. Осындай ортақ бастамалар қаланың көркеюіне ықпал етіп, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыра түседі.

Көріктендіру
09 октября 2026
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады

2026 жылы 12 қазаннан 1 қарашаға дейін Алматы тұрғындары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жобалық ұсынысын бере алады. Іріктеуден өтіп, дауыс беру қорытындысы бойынша тұрғындардың қолдауына ие болған бастамаларды аудан әкімдіктері 2027 жылы жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Жоба қала тұрғындарына көркейту және қалалық ортаны дамыту жөнінде идеясын ұсынуға, кейін ең қажетті бастамаларды таңдауға қатысуға мүмкіндік береді.

Өтінім budget.open-almaty.kz порталы арқылы электронды форматта қабылданады. Қатысу үшін жобаның атауы мен сипаттамасын, іске асыру жоспарланған мекенжайды көрсету, сондай-ақ эскиз бен алдын ала сметаны қоса беру қажет. Бұл кезеңде толыққанды жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу талап етілмейді.

Бір жобаның құны 324,3 млн теңгеден аспауға тиіс. Бастама жалпыға ортақ пайдалануға бағытталуы, ауданның қажеттілігіне сай келуі, аудан әкімдігінің құзыретіне кіруі және жеке коммерциялық сипатта болмауы керек.

Тұрғындар көгалдандыру, тротуарларды, пандустар мен арықтарды салу және жөндеу, саябақтарды, скверлер мен жүргінші аймақтарын көркейту, қалалық инфрақұрылым құрылымдарын жөндеу, заңсыз қоқыс орындарын жою, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен күрке орнату, сондай-ақ балалар және спорт алаңын салу мен жөндеу және көркейтуге қатысты өзге де бағыттар бойынша жобалар ұсына алады.

Өтінім қабылдау аяқталғаннан кейін жобалық ұсыныстарды аудандардың сараптамалық кеңесі қарайды. Бастаманың маңызы, оны іске асыру мүмкіндігі, белгіленген бағыттарға сәйкестігі және бұрын жүзеге асырылған жобаларды қайталамауы ескеріледі.

Қарау қорытындысы бойынша өтінімге үш мәртебенің бірі беріледі: «Дауыс беруге жіберілді», «Пысықтауға жіберілді» немесе «Қабылданбады». Пысықтауға жіберілген жобалардың авторлары өзгеріс енгізіп, оларды қайта қарауға ұсына алады.

Дауыс беру де budget.open-almaty.kz порталында электронды форматта өтеді. Оның қорытындысы бойынша қарастырылған қаржыландыру көлемі шегінде іске асырылатын жобалар анықталады.

Қосымша ақпаратты Алматының аудан әкімдіктерінен және 224-39-29, ішкі 203 нөмірі арқылы «Open Almaty» қоғамдық қабылдау бөлмесінен алуға болады.

Көріктендіру
Алматы — біздің ортақ үйіміз
08 октября 2026
Алмалы ауданында «Recycle Бірге» ауқымды экологиялық акциясы өтті

ҚБТУ аумағында Алмалы ауданы әкімдігінің қолдауымен «Recycle Бірге!» ауқымды экоакциясы өтті!

Бар-жоғы 3 сағаттың ішінде:
🌿 4 тоннадан астам қайталама шикізат жиналды;
👕 мұқтаж жандарға табыстау үшін 4 тоннадан астам зат дайындалды;
🤝 заттарды қайта пайдалануға қабылдайтын 11 жоба қатысты;
🛍️ жәрмеңкеге 20 жоба қатысты;
💃 10 шығармашылық және би ұжымы мерекелік концерт қойды;
👥 іс-шараға 3 000-ға жуық қонақ келді!

Үш сағат, мыңдаған қатысушы және жаңа өмірге мүмкіндік алған тонналаған заттар. 💚
Бізбен бірге болып, экологиялық болашаққа өз үлесін қосқан әрбір жанға алғыс айтамыз!

ҮКШ
07 октября 2026
Алматыда 9 қазаннан бастап тұрғын үйлерге жылу беріледі

Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды. 9 қазаннан бастап қалада орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталады.

Алдымен жылу әлеуметтік нысандарға – балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі. Бұл туралы Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының өкілдері айтты.

Тұрғын үйлерді орталық жылуға қосуды 10 қазаннан бастау жоспарланған. Жылу үйге берілгеннен кейін ПИК пен МИБ мамандары ішкі жылу жүйелерін реттейді. Олар радиаторлар мен тікқұбырлардағы ауаны шығарып, қысымды реттейді және жылудың пәтерлерге біркелкі таралуын қамтамасыз етеді.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын аяқтады. Жылу желілерінде туындауы мүмкін мәселелерге жедел ден қою үшін материалдар мен қажетті жабдықтардың қоры жасақталды. 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымында 16 апаттық және жөндеу бригадасы кезекшілік атқарады. Барлығы 220 маман мен 56 техника жұмылдырылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы