
Құрметті оқушылар, ұстаздар!
Ардақты ата-аналар!
Сіздерді бүгінгі жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін еліміздің барша білім ошақтары оқушылар үшін есігін айқара ашып, жаңа оқу жылын бастағалы тұр. Бүгінде Алатау ауданының мектептерінің материалдық-техникалық базасы толық қамтамасыз етіліп, оқу процесін сапалы жүргізуге барлық жағдай жасалған.
Өткен оқу жылында ауданда 26 мемлекеттік мектеп болса, бүгін ауданда тағы 3 жаңа мектеп ашылып, қаладағы жалғыз біздің ауданда орналасқан үш ауысымдық №196 мектеп екі ауысымға көшті.
Сондай-ақ, қосымша жаңадан 2 мектеп салынуда, биылғы жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланған.
Сондықтан, ардақты қауым, әрқашан жүздеріңіз жайдарлы, өмірлеріңіз ажарлы болсын. Ұрпақ тәрбелеудегі осы қиын да жауапты еңбектеріңізге табыс тілеймін.
Қадірлі білім қуған жас өрендер!
Сіздерді бүгінгі соғылған алғашқы қоңырау мектепке емес, болашаққа шақырады.
Ерінбей білім жинап, болашақта жақсы мамандық иесі болып, еліміздің өсіп-өркендеуіне, экономикасының артуына өзіндік үлестеріңізді қосады деген сенімдемін.
Бұл күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын! Асқар шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларың биіктей берсін.
Мереке құтты болсын!