12 марта текущего года Общественный совет провел свое очередное заседание.
На заседании были рассмотрены важные вопросы социально-экономического развития района: пособия специалистам, прибывшим в сельские населенные пункты и финансовая помощь на жилье; изменения и дополнения в план развития; отмена постановления в отношении наименований и индексов районных дорог.
Ответственные отделы представили свои доклады, а члены Совета высказали свои предложения. По итогам заседания приняты соответствующие рекомендации.
Ағымдағы жылдың 31 қазан күні аудандық қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде «Жаңажол негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты апатты жағдайда екені туралы мәселе қаралды. Кеңес мүшелері өз пікірлерін білдіріп, бірқатар сұрақтар мен ұсыныстар айтты. Мәселе бақылауға алынды.
Аудандық мәслихат аппараты мен Жер қатынастары бөлімі бірігіп, ауданымыздағы аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында "Мейірбандық күндері" атты қайырымдылық айлығына қатысты. Бұл шара аясында азық-түлік, тұрмыстық заттар, киім-кешек және басқа да қажеттіліктермен қолдау көрсетіп, қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек қолын создық. Қайырымдылық жасау — біз үшін ортақ жауапкершілік. Әрбір кішкентай қадамның үлкен әсері бар екенін ұмытпайық. Өзара көмектесу арқылы біз қоғамдағы мейірімділікті арттырып, бірлігімізді нығайта аламыз. Барлық қатысушыларға, қолдау көрсеткендерге алғысымыз шексіз!
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды келе жатқан Жаңа 2025 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Баршаға жан шуағы мен жайдары көңіл-күй сыйлайтын бұл мереке өткенімізді саралап, ертеңімізді бағамдайтын керемет сәт.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес кезектен тыс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және облыстық, аудандық маслихаттар депутаттарының сайлауы тағайындалып, 2023 жылдың 19 наурызда өткізілгені баршаңызға белгілі.
Сол сайлаудың қорытындысы бойынша VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың құрамына 12 депутат сайланып, аудандық мәслихатының депутаты атанды. 9 депутат – «AMANAT» партиясынан ұсынылса, 2 депутат – «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан және 1 депутат – «Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясынан ұсынылды.
Жалпы аудандық мәслихаттың депутаттары аудандағы өкілді биліктің органы ретінде заңнамада көзделген өкілеттіктерін пайдаланып, жергілікті мемлекеттік басқаруда бірақатар қызметтерін атқарып келеді.
Мәслихат негізгі қызметін сессиялар арқылы жүзеге асырады.
2024 жылы аудандық мәслихат отырыстарында 14 сессиясы өткізіліп, 50 мәселе қаралып жыл сонында 2025-2027 жылдарға арналған аудандық және ауылдық округтердің бюджеттері кезекті сессияда бекітілді.
Биылғы жылы ауданда көптеген жұмыстар атқарылды. Әр салада қол жеткізген жетістіктерімізді келесі жылы да жалғастыруды жоспарлап отырмыз.
Мемлекет тарапынан ауыл халқының табысын арттыру мақсатында былтырғы жылы «Ауыл аманаты» жобасы басталды.
2024 жылы Ақжайық ауданына 766,1 млн. теңгенің 91 жобасына лимит белгіленсе, бүгінде 412,0 млн. теңгеге 52 өтінім, соның ішінде мал шаруашылығына – 206,8 млн. теңгеге 27 өтінім, кәсіпкерліктің басқа түрлеріне – 205,2 млн. теңгеге 25 өтінім тапсырылды.
Халықты таза ауыз сумен қамту - мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Ағымдағы жылы да ауылдарға таза ауыз су тарту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасын тапты. Аудандағы 45 елді мекеннің (98%) 38-нде ауыз сумен қамтылуы су құбырлары арқылы болса, 6 елді мекенде кешенді блок модульдер орнатылған.
Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде әртүрлі санаттағы 780 адам тұр. Ауданда тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамту мақсатында ағымдағы жылы Чапаев ауылындағы екі 3 қабатты 48 пәтердің тұрғын үй құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Одан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес республикалық бюджет есебінен тұрғын үй кезегінде тұрған 17 жерлесімізге үй сатып алынып берілді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан бойынша әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға арналған елді мекенде 37 пәтердің құрылыс жұмыстары бастау алған болатын. Бүгінгі күнге 31 пәтердің құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, жаңа пәтердің кілттері табысталды.
Келесі жылы ауданда кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту және санын азайту мақсатында 40 тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халқымыз айтқандай, осы жетістіктеріміз берекелі бірлігімізбен бірлесе атқарған еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдеміз.
Сiздердi Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, молшылық пен ізгілік, денсаулық пен бақыт әкелсін! Еліміз тыныш, ынтымағымыз мәңгі, болашағымыз баянды болсын!
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті ХХVІ сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі М.Сердалин, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатынасты. Сессияның күн тәртібінде Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №11-2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет, 2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері, Ақжайық аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған жұмыс жоспары, Ақжайық аудандық мәслихатының «Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 қазандағы №7-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, Ақжайық ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту, Ақжол, Алғабас, Бударин, Жаңабұлақ ауылдық округтерінің елді-мекендерінің жер – шаруашылық орналастыру жобасын бекіту және Ақжайық ауданының елді мекендерінің жерін аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын), бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы мәселелері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 29 қарашадағы №24-3 шешімі негізінде Қуанышева Назым Базарқызына, Есеналиев Науқан Құсанұлына, Қадисов Хаби Нәбиұлына және Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлына «Ақжайық ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Құрмет Грамотасымен Сейткереева Лязат Мұратқызы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Алғыс хатымен Мағзом Әлішер Нұрпейсұлы, «Қазақстан Мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігі Төрағасының Құрмет грамотасымен Тулепбергенов Дархан Серікұлы, Ермуханов Артур Орынғалиұлы және Ибрашева Алтынай Абайқызы марапатталды.
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясы өтті. Cессияға аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Умитов, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық мекеме және бөлім басшылары қатысты. Сессияның күн тәртібінде Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12-3 «2024-2026 жылдарға арналған Ақжайық ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Ақжайық ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы, «Ақжайық ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы және Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 сәуірдегі №2-10 «Ақжайық ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешімінің күшін жою деп тану туралы мәселелер тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІII сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі М.Сердалин, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық мекеме және бөлім басшылары қатысты. Сессияның күн тәртібінде Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №11-2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Ақжайық ауданының 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын бекіту туралы және Ақжайық аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 ақпандағы №13-2 «Ақжайық ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына арналған мәслихат депутаттары және Қоғамдық кеңес мүшелері арасында облыстық спартакиадада Ақжайық ауданы командасы волейболдан Чемпион атанды.
Ағымдағы жылдың 22 қазан күні аудандық мәслихат төрағасы С.Сиражевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті ХХII сессиясы өтті. Сессия отырысына аудан әкімі М.Сердалин, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық мекеме және бөлім басшылары қатысты. Сессияның күн тәртібінде аудан әкімінің мәслихат депутаттары алдындағы есебі, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруды қамтамасыз ету және оның іске асырылу қорытындылары туралы және Ақжайық аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы мәселелер тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.
ВНЕОЧЕРЕДНАЯ ХХ СЕССИЯ РАЙОННОГО МАСЛИХАТА
Сегодня в актовом зале районного акимата под председательством С. Сиражева проведена внеочередная ХХ сессия районного маслихата. В заседании сессии приняли участие заместитель акима района З. Мажитова, руководители соответствующих отделов и представители СМИ. На повестке дня рассмотрены вопросы о внесении изменений в решение Акжаикского районного маслихата от 22 декабря 2023 года №11-2 «о районном бюджете на 2024-2026 годы», Об утверждении программы по управлению коммунальными отходами по Акжаикскому району на 2024-2028 годы и Об утверждении упрощенного генерального плана некоторых сел Акжаикского района, одобрены проекты решений. Кроме того, в ходе сессии депутаты задали свои вопросы руководителям соответствующих отделов.