«Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының шешім жобасына түсіндірме жазба
1.Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» ММ.
2.Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.
Облыстық мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8075 болып тіркелген, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететін облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы №16 "Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" шешімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 30.04.2020 ж. №20540 тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың Үлгілік қағидаларына сәйкес қабылданды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 03 маусымдағы № 185 бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларына өзгерістер мен толықтыру енгізілді. Осыған байланысты облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 24 ақпандағы №16 шешімі қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес келтіруді талап етеді.
3.Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеті жоқ.
4.Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.
Ақтөбе облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларында өзгерістер мен толықтыру енгізілген кезде болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар көзделмеген.
5.Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.
Облыстық мәслихаттың шешімін Үлгілік қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру.
6.Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің актілері қабылданбаған.
7.Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажет етілмейді.
8.Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).
Нормативтік құқықтық актінің жобасы «Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сайтында 2024 жылғы 16 шілдеде 90 КБ орналастырылды (https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/documents/details/692605?lang=kk). Ашық нормативтік құқықтық актілер сайтында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15139993) 2024 жылғы 17 шілдеде орналастырылды.
9.Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.
Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы мемлекеттік мекемесінің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya?lang=kk) 2024 жылғы 17 шілдеде орналастырылды.
10.Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Шешім жобасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қатысты болып табылмайды.
11.Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.
Шешім жобасының қолданысқа енгізілуінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарына қатысы жоқ.
Ақтөбе облысының ветеринария
басқармасы басшысы А. Сембай