🔹Облыс көлемінде өткізіліп жатқан «Сыбаға» фестивалінің үшінші күні «Салбурын» ұлттық спорт түрінен аудан көлемінде дәстүрлі садақ ату мен асық атудан жарыс ұйымдастырылды.

🔹Садақ ату – ежелден бері қанымызда бар өнер. Осы ұлттық өнер жастар арасында насихатталып, кеңінен дәріптеліп келеді. Ал асық ойыны баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген.
🔹Ұлттық ойынға жастардың қызығушылығы мен қатысу деңгейі жоғары болды. Садақ ату ойынына 32 спортшы қатысып, өз бақтарын сынады. Қазіргі таңда аудан көлемінде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Жарыс жолы тартысқа толы өтті.
⚜️Нәтижесінде Дәстүрлі садақ атудан
lll орын Бекзат Әліпқалиев, ll орын Бақытбек Шойынов, l орын Құрал Дүйсеғалинв ие болды.
⚜️Асық атудан lll орын Нұрлан Майлыбаев, ll орын Нұрлан Ешімов, l орын Нұрлыжан Мұқашев жүлделі орынды қанжығасына байлады.