ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ АНА МЕН БАЛАНЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КІШКЕНТАЙ ЕМДЕЛУШІЛЕРІН ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ!
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Темір ауданында жол-көлік апатынан зардап шеккен балалар емделіп жатқан Ана мен баланы қорғау орталығында болды. Бес науқас үйіне шығарылды.
📌Өңір басшысы Жаңа жылды ауруханада қарсы алатын кішкентай емделушілерді мерекемен құттықтап, оларға сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов травмотология бөлімшесінде емделіп жатқан балаларға да барды.
Облыс әкімі әр науқастың денсаулығына, стационардың жағдайына, дәрілік препараттардың болуына қызығушылық білдірді.