Еліміздін шоқтығы биік саналатын "Aqtóbe" телеарнасына 60 жыл.

«Осыдан 60 жыл бұрын «Aqtóbe» телеарнасының негізі қаланып, алғашқы аймақтық хабарлар эфирге шыға бастады. Осы жылдар ішінде қалың жұртшылықтың құрметіне бөленген «Aqtóbe» телеарнасының рухани-мәдени, әлеуметтік, саяси-қоғамдық құндылықтарының дамуына, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына қосқан үлесі өлшеусіз.
60 жыл ішінде әр қазақтың төрінен орын алған көгілдір экраннан сан түрлі құнды дүниелер жарық көріп, қалың көрерменге жол тартып келеді. Осы жылдар ішінде «Aqtóbe» телеарнасы зиялы қауымның рухани, мәдени ошағына айналды. Қара шаңырақта әр жылдары еңбек еткен аға буын өкілдері көптеген жас мамандарды тәрбиелеп, болашаққа бағыт-бағдар беріп, жол сілтеді.
Айта кетейік, бүгінгі күні «Aqtóbe» телеарнасының хабарлары Ақтөбе облысының 112 елді мекеніне тарайды.
Осы мерейтойлық жиынға телеарна ұжымы, ардагерлер, басқарма басшылары мен әр аудан өкілдері қатысты.
Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Айдарбаев Мұратбай Болатұлы, Ойыл ауданы әкімдігі тарапынан алпыс жылдық асуды еңсерген телеарна ұжымын құттықтап, осы салада көп жылдар бойы еңбек еткен журналистер Самат Нұрмағамбетұлы мен Дәурел Сапарғалиұлына алғыс хаттар мен гүлшоқтарын табыстады.