Меню

Страницы

Статья

Ойыл ауданы прокуратурасының 2022 жылдың өткен кезеңінде атқарған жұмыстары туралы

Ойыл ауданы прокуратурасының

2022 жылдың өткен кезеңінде атқарған жұмыстары туралы

 

         Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде аудан прокуратурасының негізгі басым бағыттары қылмыстық қудалау мен қоғамдық мүдделерді қорғау және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет мүдделерін және кәсіпкерлік субьектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталды. 

         Атқарылған жұмыс қорытындысымен бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне барлығы 18 дерек тіркелді. 

Қылмыстық қудалау саласында қабылданған үйлестіру және қадағалау шараларымен аудан бойынша криминогендік жағдай тіркелген қылмыстардың былтырғы жылмен салыстырғанда 33,3%-ға, оның ішінде: ауыр қылмыстар 50%, ауырлығы орташа қылмыстар 20%, онша ауыр емес қылмыстар 66,7% төмендегенін көрсетті.

Сондай-ақ, меншікке қатысты қылмыстар 28,6%, ұрлық 33,3%, алаяқтық 50% азайып отыр.

Қазіргі таңда, алаяқтық қылмыстары, оның ішінде интернет–алаяқтық қылмыстарының басқа өңірлерде көптеп тіркелуі құқық қорғау органдарын алаңдатуда.

Сондықтан, интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары ретінде дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауды, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын-ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырамын.

            Қоғамдық мүддені қорғау саласында прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижесінде бюджетке 3,2 млн. теңге қайтарылды.

         Енгізілген 6 наразылық қанағаттандырылып, 9 ұсыну қаралып, олар бойынша 16 тұлға әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жалпы сомасы 3млн. теңгеден асатын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында заң талаптарының бұзылу дерегі анықталып, аудан прокуратурасының наразылығы негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламалардың күштері жойылды.

Енгізілген қадағалау актілерінің негізінде 8 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. 

Сондай-ақ, аудан прокуратурасының араласуымен кәсіпкерлердің қызметін жүзеге асыру мақсатында «Ойыл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісі қабылданып, әділет органдарынан тіркеуден өтті.   

         Аудан прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесінде, білім саласы бойынша 117 қызметкерге жалпы сомасы 4,9 млн. теңге іссапар шығындарын уақытылы төлемеу дерегі анықталып, тиісті қадағалау актісі енгізілді.

         Сондай-ақ, уәкілетті органдармен бірлесе аудан аумағындағы пайдаланусыз жатқан ауылшаруашылығы жерлерін анықтау мақсатында бірқатар шаралар жүргізілуде. 

         Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде аудан прокуроры аудандағы барлық елді-мекендерге шығып, тұрғындарды жеке қабылдау жүргізді.

         Жалпы, жыл басынан бері 46 тұрғын тікелей аудан прокурорының жеке қабылдауында болса, 11 тұлғадан жазбаша арыз түсіп, оларға тиісті жауаптары берілді. 

         Сонымен қатар, аудан прокуратурасының жергілікті атқарушы, полиция, және басқа да уәкілетті органдармен бірлесе қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық мүддені қорғау саласында, атқарушылық құжаттарды орындау мақсатында пәрменді іс-шараларды жүргізу жөнінде нақты жұмыстар жүргізуде.

 

                                                                  Ойыл ауданының прокуроры

                                                                 Н.Б. Жолаев 

Дата публикации
31 мая 2022
Дата обновления
31 мая 2022
Тип
Информация

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Акимат Уилского района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района
Акимат Уилского Района

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы