Ойыл аудандық мәслихатының №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

АҚТӨБЕ  ОБЛЫСЫ  ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ  АУМАҚТЫҚ  САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ  ҚАУЛЫСЫ

 

 

2025  жылғы  27 тамыз                        № 19                                Ойыл ауылы  

 

 

 

Ойыл аудандық мәслихатының

№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі

бойынша шығып қалған мәслихат

депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының   14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының                                               4) тармақшасына,  3-1 және 6-тармақтарына, 103-бабының 7-тармағына,                 104-бабының 8-тармағына  сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. № 9 сайлау округі бойынша шығып қалған Ойыл аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
  • Кандидаттарды ұсыну 27 тамызда басталып, 2025 жылдың 25 қыркүйегі күні жергілікті уақытпен 18.00 аяқталсын. Кандидаттарды тіркеу 27 тамызда басталып, 2025 жылдың 30 қыркүйегі күні жергілікті уақытпен 18.00 аяқталсын.
  • Осы қаулыға берілген қосымшаға сәйкес 2025 жылдың 26 қазанына тағайындалған Ойыл аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  • Осы қаулы «Ойыл» газетінде жариялансын және сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Ойыл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                      Б.Бисекенов

 

 

Ойыл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                      Н.Кенжебеков

           

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 августа 2025