ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ Қараой ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЫ

 

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

Қараой ауылдық

округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЫ

 

            2025 жылғы 13 шілдеде Ақтөбе облысы  Ойыл  ауданының  Қараой ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Қараой ауылдық округі әкімі сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  қорытындысын шығарды:

 

Қараой сайлау округі

Қараой ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 555 азамат енгізілді, олардың – 294 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                Айтқалиев Н.А. – 67; Майканов А.С. – 189; Наурызбаев А.Н. – 30.

 

Майканов Абзал Сансызбайұлы – 1991 жылы дүниеге келген, «Қараой мектеп - балабақшасы» КММ-нің директоры, Ойыл ауданы Қараой ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Қараой ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

                                             Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 июля 2025