ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ Көптоғай және Саралжын ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЫ

 ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

Көптоғай және Саралжын ауылдық

округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЫ

 

            2025 жылғы 18 мамыр Ақтөбе облысы  Ойыл  ауданының  Көптоғай және Саралжын ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Көптоғай және Саралжын ауылдық округтері әкімдері сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  қорытындысын шығарды:

 

Көптоғай сайлау округі

Көптоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1101 азамат енгізілді, олардың – 633 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                Асылбаев Е.Б. – 454; Ұлықпанов Қ.Ұ. – 99; Шаутенов Ж.М. – 69.

 

Асылбаев Ерлан Базарбайұлы – 1975 жылы дүниеге келген «Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Ойыл ауданы Көптоғай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Көптоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Саралжын сайлау округі

Саралжын ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 913 азамат енгізілді, олардың – 399 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны  - 18.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                                      Әлжанов М.Ш. – 29; Сағынғалиев Д.Б. – 34; Тәжіғалиев М.Т. – 314.

 

Тәжіғалиев Марат Тілепбергенұлы – 1963 жылы дүниеге келген, «Саралжын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Ойыл ауданы Кемер ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Саралжын ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

                                             Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
19 мая 2025