Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Көптоғай және Саралжын ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЫ

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Көптоғай және Саралжын ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округтері әкімдеріне келесі кандидаттарды тіркеді:

 

Көптоғай ауылдық округі бойынша:

Асылбаев Ерлан Базарбайұлы - 1975 жылы дүниеге келген, Көптоғай ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

Ұлықпанов Қанат Ұлықпанұлы - 1990 жылы дүниеге келген, «Амангелді орта мектебі» КММ-нің мұғалімі, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Амангелді ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Шаутенов Жұмабай Мұхитұлы - 1994 жылы дүниеге келген, «Жақсыбайкөл негізгі мектебі» КММ-і директорының м.у.а, Ақтөбе облысы,  Ойыл ауданы, Шұбарши ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Саралжын ауылдық округі бойынша:

Әлжанов Мұрат Шыңғысұлы - 1983 жылы дүниеге келген, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Ойыл аудандық бөлімінің бас маманы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Сағынғалиев Дастан Базарбайұлы - 1993 жылы дүниеге келген, «Қайынды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ақжар ауылының тұрғыны, өзін-өзі  ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Тәжіғалиев Марат Тілепбергенұлы - 1963 жылы дүниеге келген, Саралжын ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы,  Ойыл ауданы, Кемер ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

 

Дата публикации
27 апреля 2025