Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Саралжын ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы Саралжын ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
Әлжанов Мұрат Шыңғысұлы - 1983 жылы дүниеге келген, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Ойыл аудандық бөлімінің бас маманы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Сағынғалиев Дастан Базарбайұлы - 1993 жылы дүниеге келген, «Қайынды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ақжар ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Тіркеу уақыты: 25.04.2025ж.