ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 25 желтоқсан № 18 Ойыл ауылы
Ойыл ауданының Ойыл және Ш.Берсиев атындағы
ауылдық округтер әкімдерін сайлау
жөнінде сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4)тармағына және 22 бабына сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Ойыл ауылдық округінің шекараларында - Ойыл сайлау округі.
2) Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтің шекараларында – Ш.Берсиев атындағы сайлау округі;
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы: Б.Бисекенов
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы: Н.Кенжебеков