Ойыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы қыркүйектегі №8 қаулысымен бекітілген 2-қосымша
Ойыл аудандық тұрғын үй комиссиясы туралы ереже.
1. Жалпы ережелер
- Аудандық тұрғын үй комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі - Тұрғын үй комиссиясы) аудан әкімдігі жанынан құрылған, тұрғын үй мәселелері бойынша шешім шығаруға өкілетті, тұрақты негізде жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.
- Тұрғын үй беретін Ойыл ауданының әкімдігі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады.
- Тұрғын үй комиссиясы тақ санды кемінде бес адамнан, оның ішінде кәсіподақ ұйымының өкілдерінен (болған жағдайда), уәкілетті органның өкілдерінен және тұрғын үй комиссиясының хатшысынан қалыптастырылады.
- Тұрғын үй комиссиясының құрамына мыналар кіреді: Ойыл ауданының әкімі; Ойыл ауданы әкімінің орынбасары; «Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы; «Ойыл аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы; «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы; «Ойыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің басшысы; «Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы; Ойыл аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілі Ойыл аудандық мәдениет қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өкілі «Ойыл аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, комиссия хатшысы (дауыс беру құқығы жоқ).
- Тұрғын үй комиссиясын - Ойыл ауданының әкімі басқарады. Комиссияның міндеттері мен функциялары
- Комиссияның негізгі міндеттері мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру туралы не мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру туралы заңды шешім қабылдау болып табылады.
- Тұрғын үй комиссиясының функцияларына мыналар жатады: 1) жалдау (қосымша жалдау), жекешелендіру тәртібінде меншігіне тұрғын үй алу не бұдан бұрын жалға (қосымша жалға берілген) берілген тұрғын