Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комссияны қайта құру туралы

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия туралы ереже 

Жалпы ережелер

1.төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі-комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады және азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған .

2. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.

 Міндеттері, функциялары және құқықтары анықтамасы;

 Комиссияның негізгі міндеттері::

1) Азаматтық қорғау негізгі бағыттарды одан әрі жетілдіру және дамыту

2) азаматтық қорғау саласында құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де шаралар жүйесін қалыптастыру;

3) азаматтық қорғау күштері мен құралдарын құру және дамыту;

4) Жергілікті атқарушы органдардың басқармалары мен ұйымдарының, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, авариялар, апаттар, дүлей және өзге де зілзалалар салдарынан зардап шеккен азаматтарды,төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысқан адамдарды медициналық оңалту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру туралы ұсыныстар әзірлеу .

4. комиссияның негізгі функциялары:

1) Азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру ;

2) жағдайды талдау, шешімдер қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу, міндеттерді қою және орындау;

3) Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауын болжауды ұйымдастыру, олардың салдарын азайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу ;

Дата публикации
28 ноября 2024