ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2024 жылғы 21 қыркүйек № 12 Ойыл ауылы
Учаскелік референдум комиссияларының
шығып қалған мүшелерінің орнына
комиссия мүшесін тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес Ойыл аудандық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен № 391 учаскелік референдум комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына Нұрбалиева Гүлнұр Сәндіғалиқызы және Ермағамбетова Гүлнар Жұмабекқызы, №392 учаскелік референдум комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Сағынов Әбділдла Қуатұлы, №408 учаскелік референдум комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Испусинова Гүлжанат Панабекқызы комиссия мүшелері болып 2024 жылдың 21 қыркүйегінен бастап аудандық мәслихатпен сайланғанша дейін уақытша тағайындалсын
- Осы қаулы Ойыл аудандық мәслихатына жолдансын.
- Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Б.Т.Бисекенов
Хатшы Н.Б.Кенжебеков