Учаскелік сайлау комиссиясы мүшесі мiндетiнен босату туралы

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

2024 жылғы    8  тамыз                    №  9                               Ойыл ауылы

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

мүшесі  мiндетiнен босату туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің өз өтінішінің негізінде Ойыл аудандық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Өз өтініштері негізінде Нурбалиева Гульнур Сандыгалиевна № 397 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен, Избасарова Тлекгул Ерболатовна  № 400 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі  міндетінен, Серікқызы Ақкөркем № 569 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі  міндетінен, Хамзин Нұрғали Көркембайұлы № 406 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі  міндетінен 2024 жылдың  8 тамызынан  бастап босатылсын.
  2. Осы қаулы Ойыл аудандық мәслихатына жолдансын.
  3. Осы қаулы Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

 

Төраға                                                                Б.Т.Бисекенов

 

Хатшы                                                                Н.Б.Кенжебеков

 

 

 

                                                                                                   

        

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 августа 2024