Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ Ойыл ауданы Сарбие ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЫ

Ойыл ауданы Сарбие ауылдық округі  әкіміне кандидаттарды тіркеу  туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы Сарбие ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

         1.Алекеш Ахмет Алтайұлы, 1993 жылы дүниеге келген, «Көптоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен  ұсынған.

  1. Әлжанов Мұрат Шынғысұлы, 1983 жылы дүниеге келген, «Азаматтарға арналған ұкімет»мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Ойыл аудандық бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  2. Кереев Әсет Сәкенұлы, 1989 жылы дүниеге келген, «Ойыл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

Дата публикации
18 апреля 2024