2024 жылғы 31 наурыздағы шығып қалған Ойыл аудандық мәслихатының № 8,11 сайлау округтері депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Ойыл аудандық сайлау комиссиясының

2024 жылғы 31 қаңтардағы

№  5  қаулысына қосымша

 

 

2024 жылғы 31 наурыздағы шығып қалған Ойыл аудандық мәслихатының

 № 8,11 сайлау округтері депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі  іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

10 ақпаннан кешіктірмей

 (22-б. 2-т., 2-1-т.)

 

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

10 ақпаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ойыл ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

15 ақпанға дейін

                                                                                      (23-б. 5-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

15 ақпанға дейін

 (17-б. 2-т.)

 

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның,

өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің), жоғары басшы органы

 

31 қаңтарда басталады және  29 ақпан сағат 18.00 аяқталады

 (103-б.)

 

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік, аумақтық сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні)

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

31 қаңтарда басталады және 5 наурыз сағат 18.00-де аяқталады

   

                                                                                      (104-б)

 

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 

                                                 (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)

 

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

 

12. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

 Қағиданың 23-т

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылдың 5 наурызына дейін

 (28-б. 6-т.)

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

5 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады және 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады

 (27-б. 2-т.)

 

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                 

 

Ойыл ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

10 наурыз

 (26-1 б. 1-т.)

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,

15 наурыздан бастап

                                                                           (26-б. 1-т.)

 

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                         

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей,

20 наурызға дейін

   (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.)

 

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей,

28 наурыздан ерте емес және 30 наурызынан кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау 

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

31 наурыз жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

 (38-б. 1-т., 40-б. 1-т.)

 

23. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні 31 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 

 

(38-б. 1-т.)

 

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

31 наурыз жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспайды

 

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                           (108-б. 1-т.)

 

28. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын анықтау

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей,

1 сәуірден кешіктірмей                                                                    

(108-б. 2-т.)

 

29. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

6 сәуірден кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

 

 

30. Шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайланған депутаттарды тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

 

Дата публикации
31 января 2024