Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

АҚТӨБЕ  ОБЛЫСЫ  ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ  АУМАҚТЫҚ  САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ  ҚАУЛЫСЫ

 

 

2024  жылғы  31 қаңтар                           № 5                        Ойыл ауылы  

 

 

 

 Шығып қалған мәслихат депутаттарының

 орнына сайлауды  тағайындау  және  сайлауды

 әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі

 іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

           Қазақстан Республикасының  1995  жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының  14-бабының 2-3 тармақшасына,101-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына, 3-1 және 6 тармақтарына сәйкес Ақтөбе облысы Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Ойыл ауданының № 8 және № 11 сайлау округтері бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
  2.   Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған   Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық «Ойыл» газетінде жариялансын және Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 


                 Төраға:                                                      Б.Бисекенов

 

 

         Хатшы:                                                     Н.Кенжебеков

 

 

Дата публикации
31 января 2024