ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2023 жылғы 20 сәуір № 14 Ойыл ауылы
Учаскелік сайлау комиссияларының
шығып қалған мүшелерінің орнына
комиссия мүшесін тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен № 395 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Темірова Дәмелі Қонысбайқызы комиссия мүшесі болып 2023 жылдың 20 сәуірінен бастап аудандық мәслихатпен сайланғанша дейін уақытша тағайындалсын
- Осы қаулы Ойыл аудандық мәслихатына жолдансын.
- Осы қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Б.Т.Бисекенов
Хатшы Н.Б.Кенжебеков