Ойыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

      2022 жылғы 29 желтоқсан                 №14                           Ойыл ауылы

 

           Ойыл аудандық мәслихатының

          депутаттарын сайлау бойынша аумақтық

          сайлау округтерін құру туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының  14 бабының 6 тармағына, 21 бабының

4 тармағына және 22 бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ойыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша қосымшаға сәйкес шекараларда 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
  2. Қаулы Ойыл аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.

 

 

                 Комиссия төрағасы:                                       Б.Т.Бисекенов

 

                 Комиссия хатшысы:                                       Н.Б.Кенжебеков

 

Дата публикации
29 декабря 2022