2022 жылғы 11 желтоқсанға тағайындалған Ойыл ауданы Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты Ойыл аудандық қоғамдық-саяси «Ойыл» газетінде әкімдікке кандидаттарға баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары және тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес  «Ойыл газеті» ЖШС  әкімдікке кандидаттарға аудандық қоғамдық-саяси «Ойыл»  газетінде баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары және тәртібі туралы  хабарлайды:

       Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру ақ-қара түсті орындауда 1 шаршы см құны – 120 теңге.

       Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см құны – 180 теңге.

       Сайлауалды үгіт материалдарын басылым сайтына орналастыру құны – 100 теңге.

       Ауылдық округ әкімдігіне кандидаттың ұсынылатын мәтіндік, фото, т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына ие кандидаттың сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымындағы жарияланымнан алынып тасталады.

       Сайлауалды үгіт материалдарын бетке орналастыру (беру тәсілі) редакцияның қарауы бойынша жүргізіледі.

       Сайлауалды үгіт материалдарын берудің соңғы мерзімі 2022 жылдың 5 желтоқсан күнгі жергілікті уақытпен сағат 12.00-ге дейін деп белгіленеді.

       Макет жасау мен баспа орнын ұсыну үшін 100 пайыздық алдын-ала төлем жасалады.

       Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру «Сайлау-2022» белгісімен (бұл белгі жарнамаланатын материалдың кеңістігіне орналасуы тиіс) қоса ұсынылады. Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен қоса беріледі.

       Форс-мажорлық жағдайлар Қазақстан Республикасының жалпы белгіленген қолданыстағы заңдарымен анықталады.

       Р.S. Осы шарттарға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.

 

 

«Ойыл газеті» ЖШС

 

Дата публикации
25 ноября 2022