2022 жылғы 31 қазан № 13 Ойыл ауылы
Учаскелік сайлау комиссияларының
шығып қалған мүшелерін босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабына сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Тлепова Алия Саулебаевна 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу кезінде емделуге кетуіне байланысты № 389 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен 2022 жылдың 31 қазанынан бастап босатылсын.
Төраға Б.Бисекенов
Хатшы Б.Бактыгереев