"Ойыл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы" Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы

       Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Қ А У Л Ы С Ы

Ойыл ауданының ауылдық округтері

 әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Ойыл ауданының мынадай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2021 жылғы  25 шілдеге  тағайындалсын:

- Көптоғай ауылдық округі әкімінің;

- Саралжын ауылдық округі әкімінің.

  1. Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 26 маусымынан басталып және ұсыну мерзімінің ақталуы 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  2. Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 14 шілдеде  жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
  3. Осы қаулы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ойыл» газетінде жариялансын.

        

      

        Аудандық аумақтық сайлау                  

         комиссиясының төрағасы                                  

 

 

           Б.Бисекенов      

        Аудандық аумақтық сайлау    

        комиссиясының  хатшысы                                 Б.Бақтыгереев

 

                  Б.Бақтыгереев

 

 

 

Ойыл  ауылы

2021 жылғы 25 маусым

№ 6

Дата публикации
25 июня 2021