2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы кезінде Ойыл аудандық «Ойыл» газетінде Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға және олардың сенімді өкілдеріне баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы кезінде Ойыл аудандық «Ойыл» газетінде Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға және олардың сенімді өкілдеріне баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасының 28.09,1995 жылғы «Қазақстан
Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 3- тармағына сәйкес аудандық қоғамдық саяси «Ойыл» газеті 2026 жылдың 29 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттарға және олардың сенім білдірген адамдарына баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы төмендегілерді хабарлайды:
- Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін 1 шаршы см. ақ-қара түсті құны — 300 теңге, түрлі түсті құны-400 теңге
- Сайтта жариялау құны — басылымдарда орналастырылған сайлауалды үгіт материалдарының жалпы сомасының – 50 %-ы.
3.Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттың немесе сенімді өкілінің ұсынатын мәтіндік, фото жәнет.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әрбетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттан сенім хаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.
- Сайлауалды үгіт материалдарын бетке орналастыру (беру тәсілі) редакцияның қарауы бойынша жүргізіледі.
- Макет жасау мен баспа бетін ұсыну үшін 100 пайыздық алдын ала төлем жасалады.
- Сайлауалды үгітті орналастыру «МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫ-2026» белгісімен (бұл белгі жарнамаланатын материалдың аумағында орналасуы тиіс) қоса ұсынылады. Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен бірге беріледі.
7.Форс-мажорлық жағдайлар Қазақстан Республикасының жалпы белгіленген колданыстағы заңдарымен анықталады.
Р. S. Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне
сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.
«Ойыл газеті» ЖШС
15
22 қазан 2026 20:06
22 қазан 2026