2021 жылға Ойыл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

 

2021 жылға Ойыл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

 

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылға Ойыл ауданы бойынша мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
  2. Ойыл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 шілдедегі №140 «Ойыл ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5609 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3.       «Ойыл  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

         1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

         2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.



Ойыл ауданының әкімі

 

А. Казыбаев

 

 

 

 



постановление
Дата публикации
21 декабря 2020