
Жұмыспен қамту
482 жаңа жұмыс орындары ашылды, бұл жоспардың 85,3%, 2019 жылы (505/450-89,1) сәйкес кезеңіне 107,1%. 727 адам жұмысқа орналастырылып, жылдық жоспар 73,7%. орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 138,2% артты.
Кешенді жоспарға сәйкес, 1518 адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралармен қамту жоспарланып отыр. 2020 жылдың 1 қарашаға 2461 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының бағыттары аясында :
Бірінші бағыт: «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету». 2020 жылға қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 110 адам, техникалық және кәсіптік оқытуға 61 адам жоспарланып отыр. Қазіргі күні қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 67 адам жіберілді. Оның ішінде 66 адам оқуды аяқтап жұмысқа орналастырылды.
Екінші бағыт: «жаппай кәсіпкерлікті дамыту». 2020 жылға «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 40 адам жоспарланды. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 60 адам оқуға жолданып, 40 адам кәсіпкерлік негіздерін аяқтады.
Үшінші бағыт:
80 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланып, 93 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.
85 адам жастар тәжірибесіне бағыттау жоспарланып, 124 адам жастар тәжірибесіне жолданды.
уақытша сипаттағы қоғамдық жұмыс орындарына 418 адамды уақытша жұмысқа орналастыру жоспарланып, 911 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.
Бағдарлама шеңберінде жүргізілген 12 әлеуметтік нысандарды, жолдарды жөндеу және құрылыс жұмыстарына жұмыспен қамту орталығы арқылы 108 адам жұмыспен қамтылды.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
2020 жылдың 1-ші қарашасына дейін құрамында 2057 адамы бар 363 отбасы құжат тапсырды. Құжаттарын тапсырғандардың ішінде, құрамында 1605 адамы бар 283 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
АӘК алушылар қатарынан 13 отбасына 555,0 мың теңгеден «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грант берілді.
Құрамында 1526 адамы бар 266 отбасы шартты және құрамында 79 адамы бар 17 отбасы шартсыз ақшалай көмек алушы болып табылады.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде жұмысқа қабілетті 117 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (20 адамды ақылы қоғамдық жұмысқа, 90 адамды тұрақты жұмысқа, 6 адамды әлеуметтік жұмысқа, 1 адам жастар практикасына) тартылды.
Бизнес жоспары, кепілдеме болу керек және банк ұсынған құжаттарды жинақтап банкке тапсыру қажет.
Электрндық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы «egov» порталына жұмыс іздеуші ретинде тіркелу қажет, тіркелгеннен соң 3 жұмыс күннен кейін жұмыссыз мәртебесі беріледі және ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама беріледі
АӘК-ке қандай да бір алдыңғы тоқсандағы табыс көзі есепке алынады, қазіргі уақытта ең төмен күнкөріс деңгейі 3-тоқсанда 23 282 теңгені құрайды.