
Білім беру саласы
2020-2021 оқу жылының басталуына орай , білім беру ұйымдарында - 3399 бала білім алуда. 1 сыныпқа 393 оқушы қабылданды. Қашықтан оқитын 4 мектепте 1601 оқушы білім алуда, қашықтықтан оқитын 338 оқушы жеке компьютерлермен қамтамасыз етілген.
Тұрмысы төмен отбасылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қашықтан оқитын қалған 400 отбасының 681 оқушысын қажетті ноутбуктер мен интернет карталарымен қамтамасыз ету шаралары қабылдануда.
Бүгінгі таңда қашықтан оқитын мектептердің аз қамтылған отбасыларына 7415,0 мың теңгеге 450 роутер, жергілікті бюджеттен 13,0 млн теңге бөлініп, 81 компьютер, 110 ноутбук сатып алынып, таратылып берілді.
Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыларға 600 компьютер алу жоспарланып отыр (қараша айында алынады).
«Түлек KZ» бағдарламасы аясында 22млн 772 мың теңгеге 8 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 467,0 мың теңгеге Саралжын орта мектебінде технология кабинеті, А.К.Бекмұхамбетов әулеті Ш.Бекмұхамбетова МГ-на6млн тг. УАЗ автокөлігін, «Анвар» директоры Салфиков Т.М. 16 млн тг. музыка мектебі ғимаратының құрлысына, заман талабына сай кабинеттермен жабдықталуына ат салысты.
48млн623мың тг. игеріліп Қараой МББ ның балабақша ғимаратына және «Ауыл ел бесігі» аясында 46,5 млн.теңге игеріліп Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп гимназияның ескі ғимаратына , 51 млн.173 мың теңге игеріліп, Құрман ОМ және 41млн.991 мың теңге игеріліп Сапақкөл ОМ күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан мектептерінде 11 маман (3 математика, 1 бастауыш сынып, 1 география, 1 орыс тілі мен әдебиеті , 2 химия, 3 информатика пәні мұғалімдері) жетіспейді. Мамандар жетіспеушілігіне байланысты зейнеткерлік жастағы 3 (2 математика,1 химия) ұстаз қызмет етуде.
Жаңа оқу жылында жоғарғы оқу орындарының жолдамасымен 3 маман қабылданып, және өз бетімен келген 19 маман қабылданып, ауданның 10 мектебіне, оның ішінде 15 маман ауылдық мектептерге жұмысқа орналастырылды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда – кезекші топтарда 565 бала бар. Балабақша кезегінде – 285 бала тұр. Ойыл селосындағы жеке кәсіпкер салып жатырған балабақша 2021 жылдың қаңтар айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мектепке дейінгі ұйымдарда 3-6 жас аралығында бала кезегі жоқ. 1-3 жас аралығындағы балалардың қамтылуы – 84,5 % құрайды (індет -пандемияға байланысты).
16 шағын жинақты мектеп бар.
Заманауи кабинеттермен - 68,0 % жабдықталған (облыс - 59%).
23 мектептің барлығы (100%) интернет желісіне қосылған, оның ішінде бүгінгі таңда 9 мектеп - жоғарғы жылдамдықты оптикалық талшықты байланыс жүйесі желісіне, 14 мектеп - 4 мгб жылдамдықтағы спутниктік интернет байланысы арқылы қосылған.
Мектептер бейнекамералармен толық қамтылды. Бюджеттен 6,9 млн.теңге бөлініп, 15 мектепке турникеттер орнатылды.
Барлық мектептерде ішкі дәретханалар бар.
Мәселе : Екпетал негізгі мектебі ғимараты апат алдындағы жағдайда, құрылысы қажет етеді. 64 оқушы - үш ғимаратта бөлініп оқытылуда. Жобалау-сметалық құжаттары жасалмаған. Облыстық білім басқармасына ұсынылған.