
Жалпы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгіи көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталуда.
Ауданның жергілікті бюджетінің кіріс жоспары 2020 жылғы 1 қарашаға орындалуы 8 252 126,5 мың теңге немесе 101,5 пайыз.
Жергілікті бюджетке түсетін салықтардың жоспары 410 493,8 мың теңге болып, немесе 142,9 пайызға орындалды. Оның ішінде 4-деңгейлі бюджет салық түсімдері жоспары 13175,0 мың теңге болса 16462,8 мың теңге түсіріліп жоспар 124,9 пайызға орындалды.
Субвенцияның жоспары 2925000,0 мың теңге болса 100 пайызға орындалды.
Бюджеттің шығыс жағының атқарылуы 7 927 598,1 мың теңге немесе 97,6 пайызға орындалды. Оның ішінде 4-деңгейлі бюджет жоспары 809 676,7 мың теңге, атқарылуы 800 013,1 мың теңге немесе 98,8 пайызға орындалды.
Аудан бойынша игерілмеген қаржы барлығы 198072,8 мың теңге. Республикалық бюджет қаражаты 175285,4 мың тенге. Ойыл-Қараой, Коптоғай, Шұбарши автомобиль жолдарын орташа жөндеуге республикалық бюджеттен берілген 166623,3 мың теңге, ауыз сумен қамтемелеу бағдарламасынан 8642,1 мың теңге, оның 3642,0 мың тенгесі үнемделген қаржы игерілмеді. Кейінгі айларға жылжытуға сұраныс берілгенімен, қанағаттындырылмады. Облыстық бюджет қаражатынан 10290,8 мың тенге.Аудандық құрылыс бөлімінен 5123,0 мың тенге үнемделген қаражат,АТүКШЖКжАЖ бөлімінің ауыз сумен қамтемелеу бағдарламасынан 3457,1 мың теңге, автомобиль жолдарын орташа жөндеуге бағдарламасынан 1488,2 мың тенге. «Ойыл ауылдық округі» ММ-нен облыстық трансферт 994,5 мың теңге Ойыл селосының көшелерді орташа жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаржы