
Денсаулық сақтау саласы
Денсаулық сақтау саласында 1 ОАА, 6 ДА, 1 ФАП, 14 МП қызмет көрсетеді.
Туылған балалар саны өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 44 балаға артып, туу көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда бірліктен 19,05 –тен 23,20 бірлікке өсті. (2020 ж 10 айға туылған балалар саны -324 (2019 ж-280).
Табиғи өсім деңгейі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,50 бірліктен 15,62 бірлікке артты.
Дегенмен, 1 жасқа дейін -2 бала өлімі тіркеліп, көрсеткіші 3,98 болып өсіп тұр.
Туберкулезге қарсы 9788 адам тексеріліп, алғашқы сырқаттанғандар саны 6 адамға кеміп, көрсеткіш 68,4 бірліктен 36,8 бірлікке төмендеді. 2020 ж-7 (2019-13).
Туберкулез ошағынан 24 бала оқшауланып, сауықтырылды (6-«Шағала», 18-бала-бақша).
5138 адам әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша жоспарлы скринингтік тексеруден өткізіліп, 52 адам аурулығы бойынша есепке алынды.
3728 бала тексеріліп, аурулығы анықталған 137 баланың ішінде 79 баласы сауықтырылды.
Негізгі дерттермен тұрғындардың аурушаңдығы:
Қатерлі ісікпен аурушаңдығы 100 мың тұрғынға есептегенде, 73,7-ті құрап, (2019ж-84,2).
Жарақаттану мен улану аурушаңдығы 100 мың тұрғынға есептегенде,506-і құрап(2019жылы -877,4).
Аудандық аурухана арқылы 5 жасқа дейінгі балаларға 1200,4 мың теңгенің сүт, қобдишалары мен дәрілері, Д есептегі науқастарға–24417,9 мың теңгенің дәрілері тегін берілді.
Аудандық медицина мекемелерінде 33 дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың халықа есептегенде 17,4 көрсеткіші құрайды. (2019 жылы -15,2). Жетіспейтін мамандар саны – 4, (ЖТД -2 (Қайынды, Жетікөл), инфекционист, неонотолог).
Ү.ж. Саралжын ДА ғимараты (18,7 млн.теңге), Берсиев ДА (22,7 млн.теңге), Жекенді ДА (16,3 млн.теңге), Көсембай дәрігерлік пунктін (17,3 млн.теңге) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.